18.10.2022
  128


Автор: Қазақ ырымдары

Ерні тартса—жақсы дәм бұйырады, сарқыт жейміз деп ойлайды. Иық тартса—жаңа шапан немесе киіт киюге бағыттайды. Табан қышыса—алыс сапарға шығуға, жолаушы жүруге ырымдайды. «Жолым оң, сәтті сапар болғай» деп тілейді. Тақым тартса—ат мінуге немесе үйленуге жориды. Алақан қышыса—ақша болады, байлық қонады деп нанады. Шеке тартса—басқа бақ қонады, мәртебе өседі деседі. Мұрын жыбырласа— иіскерлік көбейеді, той-томалақ, «ақ түйенің қарны жарылғандай сый-сияпат болады» деп қуанысады.




Пікір жазу