18.10.2022
58
Екі қолды артқа ұстап жүру де теріс. Себебі, бұл—қолды артына байланған тұтқын пендені еске түсіреді. Сол сияқты бүйір таяну да жаман ырым. Өйткені жұбайынан айырылған қаралы әйел немесе талақ етілген әйелдер ғана бүйірін таянып, аһылап-үһілеп қайғы шегеді. Жайшылықта мұндай қылық көрсеткендерді жұрт ұнатпайды.