meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.10.2022
  206


Автор: Қастек Баянбай

Жарыс

Қос жеңімді түрініп,
Түстім жаяу жарысқа.
Келемін зыр жүгіріп,
Мініп алып намысқа.

Қара терге малынып,
Топтан оза бергенде,
Балағыма шалынып,
Ұшып түстім
Мен жерге.

Қалағандай
Мен мына
Көпке күлкі болуды,
Балақ түру орнына
Түріппін ғой жеңімді.





Пікір жазу