14.10.2022
  1228


Автор: Қастек Баянбай

Жақсы мен жаман

 


Қайыр күтпе баладан,


өз мысығын сабаған.


Кім алдаса анасын,


оған қалай нанарсың.


«Екі» болса алғаны,


бала ұятқа қалғаны.


Ойнап жүріп жыласа,


орынды емес бұл аса.


Келсе сөзі анайы,


мақтамас бұл баланы,


Жала жапқан басқаға,


барып тұрған масқара.


Добын қимас ойнауға,


ұят сараң болғанда.


Кім мақтанса көбірек,


жасайды мінез жөні жоқ,


Ерінсе қол жуғанға,


нассың дейміз мұндайда.


Мұнша уақыт санарлық,


бар екен ғой жамандық.


 


Бәрі жақсы баланың,


беске оқиды сабағын.


Айналайық баладан,


көгершінді аяған.


Адал болса досына,


азаматың осыда.


Ойнатса кім інісін,


мақұлдаймыз мұнысын.


Әділ болсаң ойында,


жақсы мінез оның да.


Күтсе бала әжесін,


жақсы дейміз дәл осың.


Өскен бала ауылда,


ойнар аттың жалында.


Өзі түйме қадаса,


мұндай бала тамаша.


Уәдесін сақтаған,


баланы жұрт мақтаған.


Болады әрі санауға,


жақсылық көп қалайда.
 





Пікір жазу