13.10.2022
  480


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Поэзия

Ақыным, ақиқатқа айнамысың?


Менің де қызу қаным қайнады шын.


Іздесем сені табам айсыз түнде,
Жүрегімді жұбатар аймағысың.
Поэзия, сыртың сымбат, құның қымбат,


Құдіретті қызыл тілдің қаймағысың.
Поэзия, арамызда парқың қымбат,
Кереметсің, көркемсің, жарқын сымбат.


Қоғамда қара сөздің құны биік,


Беделдісің, еш уақыт сағың сынбайт.
Көзі ашық, жаны ояу сені іздейді,
Парасатты пайымды халқың тыңдад.


Ақынның назы ащы, жыры тәтті,
Шеңгелдің дәні дәрі, ұшы қатты.


Бұл жігіттің өмірін байқасаңыз,
Көз жасының сағасын жырмен жапты.
Трагедия бар жерде поэзия бар,


Бұл өнер мендей жанды өзі тапты.





Пікір жазу