13.10.2022
  634


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Суретші мен Ақын

 Сурет салу әр баланың арманы,
Әр суреттің астарында бар мәні.
Өте ғажап мықтылардың салғаны,


Қиялменен келіп жатар қалғаны.


Құлпыртады туындысын тірідей,
Таланттының түпсіз терең талғамы.
Пейзаждарды қалай тірі демеске,


Батып кетіп, атып жатыр таңдары.
Табиғаттың кереметін көріңіз,
Жаны бардай жорытады аңдары.


Суретші мен ақынның жаны жақын,


Серіктері сырласатын қылқаламы.


Бейнелейді ақын сөзбен бояусыз,


Сұлу сөзбен жайқалады орманы.


Қара сөздің құдіретін қараңыз,


Қызуынан қара қауын торлады.
Шеберлікті шеңбер дүние көрсін деп,
Жаратқаным бізге қалам жолдады.


Еңбегіміз еш кетпейді ешқашан,


Халық бізге риза болса болғаны.





Пікір жазу