13.10.2022
121
Алғашқы шығармашылық кештен шыққанда
Уылжып жібіп, піспедім,
Ернімді талай тістедім.
Жаралы жалғыз жатсам да
Тұғырымнан түспедім.
Шыншаны шайнап, қақалмай,
Өзімді өзім күштедім,
Қиналсам да іспедім,
Бойыма құт ішкенім.
Жақыным мені ұққандай,
Ғажайып көрген түстемін.