Перизат қарындасыма
Жүзің сенің күлімдеген
Неткен ғажап шырайлы,
Үнің сенің күмбірлеген
Құлаққа кеп құлайды.
Бойыңдағы бар қылығың
Маған қатты ұнайды.
Ұмытпаймын еш уақытта,
4-інші жұлдыз бұл айды.
Сүйген бақыт, бағаласа өзі біліп,
Қайтейін жалған жаққа сөзді бұрып.
Біреулер көзбен емес, сөзбен сүйер,
Сүйдім сені ынтыға көзді жұмып.
Қыста да салқын суды сүйетін қыз,
Жақсы қылық бойына түйетін қыз.
Сендерді уайымдап күйетін біз,
Тек қана өз теңіне тиетін қыз.
Бұл ағаң әр өлеңін арнапты шын,
Өмірдің бар мәнісін талдап түсін.
Сөзіңнің астарынан байқалады,
Шынымен
Алматыда қалмақпысың?
Бойыңда жан тартатын қылығың бар,
Сымбатты да сүйкімді, салмақтысың.
Сезімің өте сұлу сары алтындай,
Көздерің жылтыраған қара алтындай.
Келбетіңмен көңілің сай келіскен,
Ер жігіт сұлулыққа қарар тынбай.
Бүгінгі мерейтоймен құттықтайды,
Ауылдағы ақын ағаң қара таңдай.