13.10.2022
181
Күлпаш апаға
(тағдырлас досым)
Кеудеңіздің түбінде зар жатқандай,
Бұл тағдыр мына бізді шаршатқандай,
Дұшпанға да ашық ойды ақтарасыз,
Көңіліңіз аппақ таза қар жапқандай.
Шыдамның тереңіне шын сүңгідік,
Біз күтеміз үмітпен ғажап таңды-ай!