meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  13.10.2022
  192


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Махаббат

Көңілденсем, көл шалқытар кемеңгермін,
Шөлдеп жатқан құнарлы терең жермін.


Аққудай аялайды шын ғашықтар,


Бір аруды құлпыртпасам, неге келдім.


Ынтықтырар жігітті қыз көркімен,


Бойыма науқас атты сызды ертіп ем.


Бойымнан бір тәулікке науқас тайса,
Талай ару сүйер еді өз еркімен.
Өлеңім ащы болса, кешіріңдер,


Ойымды қысқа бөліп, тез шертіп ем.





Пікір жазу