13.10.2022
  137


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Кім жаман?


Біріншіден кім жаман?


Алланы мүлде ұмытқан,


Байлыққа көзсіз құныққан,


Мен үшін білсем, сол жаман.


Екіншіден кім жаман?


Бай алдында бұғатын,
Жарлыны жекіп жығатын,


Қос кісіге кезіксе,
Төрт түрлі мінез шығатын,
Түлкі тектес қу жаман.


Бәрінен де кім жаман?


Ала жіпті аттайтын,


Сұмдықты бойға сақтайтын,
Пышақты адал нанға емес,


Қару ғып арам саптайтын,


Қатыгез, жауыз, қас жаман.
Жамандар да жүр аман,
Жақсыларым күл аман.


Санасын артық жаратып,


Адамды АЛЛАМ құраған.


Аш қасқырдай құнығып,


Қайда барар бұл адам?





Пікір жазу