Ащы су туралы
Арақты барша болып талдайықшы,
Бар кінәні араққа салмайықшы.
Арағың іше білсең сусын екен,
Сусап кеп естен танып қалмайықшы...
Көп ішсең сал денеңді қыздыратын,
Түзу жолды қисығынан сыздыратын.
Адал жарды ретсіз ұрғызатын,
Үй ішіңді жылатып қырғызатын.
Ұйыған жанұяны бұздыратын,
Бәрі осы арақ... бейәдеп қылғызатын.
Ащы суды өзім де пайдаланам,
Ащы сусыз шабытым «қайнамаған».
Шабытсыз жігіт ойы жайнамаған,
Жігіт емес бес қаруын сайламаған.
Арақ барда ережесіз көп сайыс,
Ішкің кеп тұрар кейде қанса да айыз.
Алайда өлшеп көрсең таразылап,
Пайдасы он, зияны тоқсан пайыз.
Інім, ағаң ешкімге жағынбайды,
Жалғанда байлыққа да табынбайды.
Білемін зияны көп, пайдасы аз,
Сау жүрсе, арақты да сағынбайды.
Ой түбіне жете алмай қиналғанда,
Өз еркім өз күшіме бағынбайды...
Арақпен жекпе-жекке талай шықтым,
Арасында басым түсіп, кейде бұқтым.
Байқап тұрсам, ол мені жеңеді екен,
Қойдым да арекеңді таза жықтым.