13.10.2022
  233


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Нағи Ілиясов ауылына


Шамдары көз тартады менмұндалап,
Көрмеппін өмірімде мен мұндай бақ.
Фонтанның үні күйді толғағандай,


Бір сарқырап ағады, бір құлдилап.


Абзал ағам ауылды гүл жайнатты,
Нағида көз тоймайтын бар иранбақ.
Нағидың тамсандырды таза бағы,


Ақындар теңеу таппай жазады әлі.


Ауылды алуан гүлдер ажарлады,


Хош ауамен тәніміз тазарады.
Жетісіне өзіңе жол жүрмесем,
Жүрегім сағыныштан сазады әлі.
Тәуелсіз елім – тірегім!
Тәуелді боп өзге елге күн кештік,


Ойымызды айта алмастан мұң жестік.


Қолтығынан шықтық көрші орыстың,


Қазағыма жараспайды күндестік.


Ата-бабам аңсап өткен еркіндік,


Ұлылармен ұрпақта бар үндестік.
91-де тәй-тәй басқан елімнің,
Тәуелсіздік тұсауын біз шын кестік!
Жетімдерді жарасынан емдеттік,


Қашып келген өзге ұлтты теңдеттік.
Жиырма жылда жас жігіттей ержеттік.
«Тәуелсіз!» деп тұла бойды терлеттік!
Тұлпар мініп, қыран салған халықпыз


Қазағымның қанында бар сергектік!
Жер қорғады қылыштарын қан қылып,
Тәуелсіздік тарту етті таң қылып!


«Елім-ай!» деп елге оралды қандастар,


Қырғындарда қалып қойған қаңғырып.


Қазақстан – байтақ елім, бүркітім,
Жиырма жылда атың шықты жаңғырып.
Тәуелсіздік тәңір жазған заңдылық,


Қазақ елі жасай берсін мәңгілік!





Пікір жазу