13.10.2022
  517


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Ұстазға

Білімнің өзіне сай бар иесі,


Соқыр байдың жарамас нар түйесі.


Баланы дана етер мықты болса,


Ұстаздың жиып берген тәрбиесі.


Домалар өрге әр тасы,


Құнды ғой мектеп партасы.


Бақытымыз бүгінгі


Ұстаздардың арқасы.


Ақында да ұстаз бар,


Ұстазда да ұстаз бар.
Шәкірті озса қуанар,
Түлғасы биік ұстаздар.


Ортада қалмасыншы наннан қалдық,


Білімдінің жанары шамнан жарық.
Ғалым, патша, данышпан болғанымен,


Бәріміз де ұстаздан тәлім алдық.





Пікір жазу