13.10.2022
183
Анамның туған күніне
Алладан несібелі сыйын күтті,
Көтеріп жүрген екен қиындықты.
Құдайым мені беріп сынағанда,
Тағы да көтеріпті иіні мықты.
Көпшілік мұндай сынға төзе алмайды,
Тарқатты жүрегімнен түйін жіпті.
Біреуі сондай сірә болар ма екен,
Анаммен салыстырсам дүйім жұртты.
***
Қиналсам сырлас досымдай,
Эвересттің басындай,
Бәрінен де биік тұр,
Мен үшін анам осындай.
***
Тереңге біткен тамырдай,
Немере жүрсін жамырай,
Күлімдеп, ана, жүре бер
Сұлу мезгіл мамырдай!