13.10.2022
  119


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Қосасар

(ауылдағы қос төбе)


Ей, Қосасар, Қосасар,
Көтеріп мені бір таста.


Басыңа шығып қарасам,
Туған жерім бір басқа.
«Жетім асар» тұр жалғыз,


Серігі жоқ бір қасқа.


Жатыр сені жамылып,
Талай мықты, марғасқа.


Дұшпандар келсе қасыңа,
Үндемей жат, сыр шашпа.


Біздің заман тыныштық,
Жата бер қамсыз, түк саспа!





Пікір жазу