13.10.2022
  138


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Ауылыма

 


Қайтарам соққан дауылды,
Көтерем берген ауырды.


Ақынға жырлау аманат,
Тұлғалар шыққан ауылды.
Шыдаған желдің өтіне,
Жеткендей қиял шетіне,


Қалтайым салды өшпес із
Драма парақ бетіне.
Көрсетіп көпке әдепті,


Баланы да мәз етті.


Ұсынып кетті баршаға,
«Түркістан» түркі газетті.
Жаппасбай батыр біз жақтан,
Жарасы жанды сыздатқан.
Жаралы жалғыз өтіпті,


Достары батқан мұздақтан.


Қалайша атап өтпеймін Әбірашты,
Шіркейлінің шашуын жырмен шашты.


Рухани астанамыз Алматыда


Білім беріп бұлақтың көзін ашты.
Тік қасық даяр әркез тұрған асқа,


Аллаға жақынмын деп құлдан аспа.
Жыр дәмін татқаннан соң жалпақ тілім,


Қалайша даналарды жырламасқа.
Шырылдауық шегірткедей тірлік бір сәт тынып па-ай,
Шалдырмадың нарыққа да, күреспен денең шынықты-ай.
Шаруалардың шаң жұтқан еңбектері ерекше,
Шарықтай бер,


Шіркейлім, дара өскен шыбықтай!





Пікір жазу