13.10.2022
225
Сайқал саясат
Халық едік қазақ деген төзімшіл,
Заманға сай болып барад өзімшіл.
Байларында қанағат жоқ бұл жұрттың,
Баспаса екен бар қазақтың көзін шел.
Қойнымызға кіріп кетті
Сайқал мына саясат.
Шын мықты мен жалған мықты
Кім мықты деп сайысад.
Нағыз мықты амалсыздан
Жығылдым деп майысад,
Әділдік жоқ көріп тұрмын,
Қабырғам содан қайысад.
Төбемізден төніп тұр
Қытай менен орысың.
Айтысуға шамаң жоқ,
Жұмсайтұғын қолысың.
Парамен шықса төріңе,
Былғайды елді болысың.
Сағасын сөзбен бұрады,
Құрғайды көлді қонысың.
Қасқыр жүрек, қыран көз
Патша болса егерде,
Каспийдің түбін қорысын.
Жәдігөй, жалбақ, жемқорлық
– Қазағымның сорысың.
Ақиқат деген айнаның
Бетін сүртіп жұртыма,
Көрсету менің борышым.