13.10.2022
  230


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Біздің сайлау

 Қайран қалам өзіңе, қазағым-ай,


Алдау мол да, ақиқат аз-ағын-ай.


Қалдығы қарнымызды аштырмайды,
Шетелге кетіп жатыр таза мұнай.


Саясат соқырларша сандалдырды,


Ұят болды сайлау атты мазағың-ай.


Ұрпақтың үлесінен үңгіп ойдық,
Қашанғы қайнайды екен қазаным-ай.


Ақиқат алтындай боп жылтырайды,


Белімнен шыққанынша қазамын-ай.
Тілім сайрап тұрғанда, ішім қайнап,
Шындықты шамырқанып жазамын-ай.
Заманымыз, айтыңдаршы, бұл қандай,


Ұртоқпақ кеп антымызды ұрғандай.


Бұл саясат бетті теріс бұрғандай,
Төңіректі түлкі билеп тұрғандай.
5 жыл сайын сайлау жасап шалқиды,


Елі байып, кедей асқа тойғандай.
Көкірекке күрегімен құм шашып,
Көзімізді үңірейтіп ойғандай.


Азулылар өз теңін де білмейді,


Алысқанда ар-ұяттан аймандай.
Кандидатты салыстырып көрсеңіз,
Жолбарыс пен қанден итті қойғандай.
Жолбарысты жұлып жейтін желкеден


Арыстандар көрінбейді бұл маңда-ай.
Жеңіс үшін бәріне де баратын


Қазақ деген халық екен сормаңдай.


Бетін түзеп білім нәрімен суарсақ,
Жастарымыз жайқалады ормандай.


Қазағым, кейде алған ауыр демің,


Алпауытты қызықтырар тәуір кенің.


Ақиқатты аттаған арыстандар,


Мен мына ала-құла дәуірдемін.





Пікір жазу