13.10.2022
  197


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Әселдің кешіне

Қызғалдақтай құлпырған қыр гүлісің,
Әсем әнмен әрлейтін жыр нұрысың.
Тағдыр сені түнекке қамаса да,


Халқыңның бетке ұстар бұлбұлысың.


Бал жырыңмен талайды бөлегенсің,
Тағдырдың салығын да төлегенсің.
Зағип деп сені айтуға тіл бармайды,


Себебі көпшіліктен көрегенсің.
Жырлай бер мұңға толы махаббатты,


Махаббатқа жанымыз қаталапты.


Махаббаттың балынан бір жалатпай,


Ауыр зарын біздерге арқалатты.
Теңімізді тапқанша тыншымаймыз,
Шырылдап кезіп жүрміз шартарапты.
Өмір бізге бермеді қажеттісін,


Бойымда алпауыт күш бар деп түсін.


Әселім, арулармен салыстырсам,


Сұлусың, сүйкімдісің, әдептісің.
Өзіңменен танысқаным есімде,
Өмір – өзен, өрге жүзгін шешін де.


Атыңа сай арнау жаздым нақ пішіп,


Ұмытылмас мына ғажап кешіңде.





Пікір жазу