11.10.2022
  316


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Іздеймін адаспай


Бойға енді кездейсоқта бір екпін,
Жырлайыншы тебіреніп жүректен.


Ұшқыр қиял желдей соқса қайтейін,


Махаббатқа еміреніп дір еткен.
Төзімімді тайбурылдай үдеткен,


Сезімімді тұтқын қылып құл еткен.
Ғашық дерті жүйке күйін жүдеткен,
Өшпес үміт тұла бойды түлеткен,


Бақыт іздеп күн артынан күн өткен,


Айым туса табамын тас түнектен.
Өмір қызық, ләззатына кім тойған,
Шыжығы да бар екенін күрт ойлан!


Бар назымды жүрегімнен шаятын,


Дәмелімін дертке дауа бір тойдан.





Пікір жазу