meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.10.2022
  184


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Құранды ер

Төрде тұрсың маңқиып, құранды ер,


Қолынан іс келетін құраған ер.
Әбзелдермен жарасып сен тұрғанда,


Қайыспастай қақиып тұрады бел.


Арғымақтың, ер жігіттің сәні сенсің,


Сондықтан биік құнды сұрады ел.


Менің де ат дегенде арқам қозып,
Шапқанда тұла бойдан шығады тер.





Пікір жазу