11.10.2022
  367


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Өкініш

Өмір қызық екенін көре алмадым,
Шынайы махаббатты сезе алмадым.


Құдайдың бөліп берер несібесін,
Төккенім жоқ, бірақ та тере алмадым.
Жұртпен бірдей көрсем де күн шыққанын,


Қатарыма ілесіп ере алмадым.


Қиындыққа шыдаймын, қайыспаймын,


Егер де орындалса төл арманым.


Алламның қай сызығын басып кеттім,
Келеді бойда барды шашып кеткім.


Бейнеттің ауырына кездескенде,
Келеді қу жалғаннан қашып кеткім.





Пікір жазу