11.10.2022
  144


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Шыдам

Шала тіккен құрақтаймын,
Шалалықты ұнатпаймын.


Сусыз жатқан жырақтаймын,
Жауабы жоқ сұрақтаймын,
Әлсіз жанған шырақтаймын,
Көзі жабық бұлақтаймын,
Шыдамсыздар кетіп жатыр,


Ар-намысты құлатпаймын.


Санаменен келгеннен соң,


Бұл өмірде тұрақтаймын.
Өмір – өлең, өмір – өзен,
Өрілмеген өмірге шыдап төзем.
Үмітімнің жолында шынжыр үзем,


Ірі менен майданы елеп сүзем.


Аңсағаным алыстан келед сезем.


Құрығым ұзын, жібім қысқа,
Шыжығым ұзын, қызығым қысқа,


Демеңдер мені қиын тұста,
Я, жаратқан, қатты қыспа.


Ауызым жара, ырғап ыспа,


Ермек барда, ішім пыспа,


Айттым қысқа, әрі нұсқа.
Жүрегім қасқыр, қиялым қоян,


Ашса да көңіл, қиялмен тоям.
Түрленбей, қазақ, ақ түске боян.


Мәңгіріп тұрмай, рухым, оян!


Ей, жарандар, жарандар!
Жаралы жанға қараңдар!


Төзім атты мектепте


Алатын жақсы бағам бар.


Қиялды қуып жетпекке
Жаралған мықты санам бар.
Шыдамым шыңға шығарды,


Қауіпті емес маған жар.
Өмір шіркін қатал-ақ,
Жығылды талай адамдар.


Отты сезім махаббат,


Оны да жағар шамам бар.





Пікір жазу