Республика күні бұл құтты болсын!
Қазақстан Республикасы — міне осындай мәртебеге ие болған тарихи маңызы зор ерекше күн осы 25-ші қазан болып табылады. Дәл осы күні еліміз егеменді, тәуелсіз, зайырлы азат ел болып жарияланды. Ол декларация 1990 жылы осы атаулы күн — 25 ші қазанда жарияланып, дербес Қазақстан Республикасы ресми түрде өмірге келді десек қате айтқанымыз емес. Өйткені тәуелсіздік жолында қаншама қан төгіліп, қаншама жазықсыз жандар жазаланды десеңізші. Сол қиындықтардың жемісін берген күн осы 25-ші тамыз болатын. Бұл күн қаншама жылдан бері мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталғанмен президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының арқасында мемлекеттік мерекелер қатарына қайта қосылып мәртебеміз өсіп жатыр. Бұл күн ерекше тарихы бар маңызды күн. Бұл күнді ұмытпау, бұл күнді ұлықтау әрбір адамның парызы. Қазақ елінің бір тұтастығын сақтауға, ынтымағы мен бірлігін арттыруға еліміздегі әрбір ұлттың міндеті деп білем.
Қазақтың әрбір азаматы еліміздің бір тұтастығын сақтауға, ел тынышын сақтауға міндетті. Түрлі қиындықтардың арқасында қол жеткізген, қазақ елінің Республика, зайырлы, құқықтық мемлекет болып жарияланған күні, яғни Республика күні баршаңызға құтты болсын. Көк туымыз көгімізде желбіреп, әнұранымыз әуелетіп шырқалып, елтаңбамыз төрімізде жарқырап жүзіміз күлімдеп, күніміз сәттілікке толы, қуанышты боп өте берсін Қазақ елі!
«Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ» — деп Білге Қаған айтганындай, ел болып бірігіп, жұлырықтай жұмылып елдігімізді сақтайық, теңдігімізді сақтайық! Республика күнінде патриоттық сезіммен әндетейік, жырлатайық. Қазақ деп соққан жүрегіміз тоқтамасын, ұлттық рухымыз биік болып, сыйластықта, қуанышта өмір сүре берейік! Атырау, Алтай арасын жалғап жатқан дархан даламызда бибітшілік мәңгі орнап, көңіліміз тыныш, өміріміз тыныш бақытты өмір сүре берейік! Тағы да Республика күні құтты болсын!