08.10.2022
  833


Автор: Республика күні

Мемлекеттік егемендік туралы декларация

Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған күн, тарихи маңызы жоғары ерекше атаулы күн, бірнеше жылдан бері мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тастап, бүгінде арамызға жанданып, жарқырап қайта келгенін 25-ші қазан Республика күні құтты болсын баршамызға. Бұл мереке расында да тарихи қуанышты сәттерге толы күн болатын. Осы мерекені қайтарып, бұрынғыдай Республика күні ретінде аталып, іс-шаралар өткізіліп, осы мерекеге орай демалыс күн белгілеп, осы мерекенің өте маңыздылығы жайлы арнайы тәрбие сағаттары өтілуі бұл тарихи күнді ұмыттырмайтыны бесенеден белгілі. Осы күннің маңыздылығын ұмыттырмай, ортамызға қайта алып келген президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына айтар алғысымыз шексіз. Расында да, бұл мереке аталып өтілмесе жайлап-жайлап ұмыт болар ма еді кім білсін?! Өйткені қазақта сөз бар емес пе,«Көзден кетсе көңілден кетеді» деген... Әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпақ білуге тиісті маңызы зор күндердің бірі осы атаулы күн 25-ші қазан болып табылады. Дәл осы күні қазақ елі бөлек жекеменді егемен ел, азаттыққа қол жеткізген құқықтық, зайырлы мемлекет болып тарихи құжатқа енген күн еді.
Азаттық жолында басынан өткізген небір дүрбелең уақыттардың жеңісі мен жемісі дәл осы күні орындалып, қазақ елі Республика мәртебесін алған болатын. Бұл күнді ұмытпау, бұл күнді ұлықтау әрбір қазақ баласының парызы мен міндеті болу керек. 25-ші қазан —Республика күні болып қайтадан мемлекеттік мерекелер қатарына қосылып, атаулы күнге айналғаны құтты болсын қазағым! Мереке мерекеге ұласып, еліміздегі түрлі ұлттардың татулығы мен сыйластығы артып, ынтымағы жанданып, бірлігі арта берсін! «Ел боламын десең бесігіңді түзе» дегендей, еліміздің бір тұтас ел болуы үшін, болашағы жарқын болуы үшін саналы ұрпақ тәрбиелейік. Өйткені ел болашағы сол өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріміздің қолында. Олардың санасына осындай атаулы күн мерекелерді сіңдіріп отырсақ, тарихи маңызы зор күндерді айтып отырсақ біздердің де болашағымыз жарқын, шуақты бола бермек. Елдің болашағын ойлау әрбір жанұяға тиесілі. Әрбір отбасынан саналы ұрпақ тәрбиеленіп шықса еліміздің жарқырап өсуіне әкеледі. Абыройымыз асқақ, мәртебеміз биік болсын!





Пікір жазу