07.10.2022
  167


Автор: Түрік поэзиясы

ЫНТЫЗАР

Мұң мен шердің шəрбат уын жүрегіме жинадым,
Өміріме мүлде бітпес жалғыздықты сыйладың.
Алақаның – абылхайат, күлкің күміс, ардағым,
Даусың – дəру, сөзің – асыл, көңілімде қалды əнің.
Жанарың да еске салар шаттығымның айнасын,
Шықтай мөлдір жан жарым ең, қылықтым-ау, қайдасың?
Көңілім бар көктемді аңсар, салынбайтын құлыпқа,
Ақбөкеннің шөл даланы сүйетінін ұмытпа.
Мамыргүлді ішімдегі үзсе дағы қорғасын,
Бейкүнə, пəк ерініңнің райхан гүлі солмасын.
Сенсіз қалған көңіл алаң, болдың бақыт, берекем,
Енді қалған ғұмырымның шуағысың, мерекем.
Арайлы таң, ақ сəуле боп көкірегіме құйылшы,
Үмітсіздік, үрейімді өзің келіп жиыршы.
Атқа жайдақ мінгендеймін жарым, сенің жолыңда,
Саған жету-жетпеуім де бір Алланың қолында.
Тартылса егер ішімдегі қайнарлар мен бұлақтар,
Жақындауы бəлкім, мүмкін мақшардағы сұрақтар.
Қайдасың сен? Түсімде ме, өткен күнде қалдың ба?
Не боларын білмей далмын, не күтіп тұр алдымда?
Жер бетінде естілсінші адамдардың күлкісі,
Болайықшы мейірім төгер жандардың біз үлгісі.
Тастамашы мені жарым, ақиқатты табайық,
Шексіздікке қол ұстасып біздер бірге барайық!





Пікір жазу