07.10.2022
  149


Автор: Түрік поэзиясы

МОЙЫЛ КӨЗДЕН МАҒАН ОРЫН...

Иран бағым жеміс бермей тұр анық,
Келсең, шіркін тал шыбықтай бұралып.
Мойыл көзден маған орын бер, жаным,
Жүрегіңе барам кейін сұранып.
Бұл өмірге сиятындай емеспін,
Жетегінде жүргендеймін елестің.
Көңілімде жетсем деген бар арман,
Гүлді аңсаған араменен теңестім.
Мен өзіңе ынтызармын, құштарым,
Маған жібер сезіміңнің құстарын.
Сен де, мен де бір бұйымбыз жасалған,
Қолындамыз Құдай деген ұстаның.
Қараңғылық басты, міне, даланы,
Тағдырдың да тоқтамайды қаламы.
Эрзурумның вокзалында отырмын,
Өмір дағы күтудің бір алаңы.
Деміңменен жылыт мені, тоңдырма,
Маңайыңа өзгелерді қондырма.
Мойыл көзден маған орын бер, жаным,
Мен бір өскен райхан гүлмін, солдырма.
Ғашықтардың таңы əне, атыпты,
Зұлымдықтың күні бітіп, батыпты.
Күз келгенде ағаштардан құлайтын
Жапырақтар, шіркін, қандай бақытты!





Пікір жазу