07.10.2022
120
САХАРА
Айдың ақ нұрын кең дала ішеді мұнда,
Түйелердің сəнді көлеңкесі түседі құмға.
Жолаушылар үнсіз жылжиды жол қойнындағы,
Сыңғырлайды тек қоңырау нар мойнындағы.
«Күнді бүркеген түнмен ант етемін» деген Құранда,
Дəл осындай тұнде түседі өлең жыр алға.
Үркіп тұр дала. Замана тарпаңым едің.
Уақыт тоқтап тұр. Сахара тартады демін.
Бұзылмайды көшкен керуен қаймағы,
Тоқтамайды күндері мен айлары,
Тоқтамайды көшпенділер қиялы,
Тоқтамайды армандары, ойлары.
Тіршілік жайлы шығады шырқап үндері,
Көшпенділер – Құм тəңірлері.