ҚАЗАҚ МАЗАРЛЫҒЫ
Сонау Алматыдан Жамбыл, Шымкентке дейін
Сапар шеккенім ойымда,
Таусылмас жолдар бойында.
Көз ұшында күміс ұшқындар жылтылдап ұшады,
Мазарлар төбесінде жарты күміс ай секілді
пыр-пырлап ұшады.
Сол күміс ұшқындар
бір кездері жоғалған қалың қолдың жасындай қысқа
жай жасы ма екен,
Əлде құла түзде жарқ-жұрқ еткен батырлардың
найзасы ма екен.
Алыс жорықтан оралған хан Абылайдың аруағы ма
екен ақылы мен айласы бөтен.
Рухтар қаласы бұл аймақта мазарлар...
Мəңгі өшпейтін Құдай жазуы буын тастарында,
Жіңішке бір жарты ай қонған аспанында.
Бұ дүниеге тастап бар үй-мүліктерін,
Бірге əкеткен тек бір кебіннен ғана тұратын игіліктерін.
Төсектері атамекеннің торқалы топырағы,
Көрпелері мамық қар мен туған жердің гүл, жапырағы.
Жоқшылықтан, індеттен, азаттық үшін шейіт болғандар,
Жарты Ай арқылы жапты жақшаны,
Көктегі жұлдыздай көп саны.
Рухтар қаласы бұл аймақта мазарлар...
Қорықпайды олар соққан бораннан, дауылдан,
Не қар, не жаңбыр, не нөсер жауыннан.
Шұңқыр көздерінен небір елестер көшкен дейді олар,
Не Сталин, не Ленин, не Патшадан сескенбейді олар.
Сүйектен сүңгілері, кебіннен байрақтары,
Кенесары-Наурызбай бастаған қалың əскердей болар
Рухтар қаласы бұл аймақта мазарлар...
Қатыгез от шардың алауына өртеніп,
Семейде өлгендер олар құрбан боп, дерт еміп.
Кеше ғана Желтоқсанда алаңға келгендер,
Қан құсқан мылтықтың ұшында өлгендер.
Олар соңында орындалмаған арман-тілектерін қалдырды.
Ата-ана, жетім балалардың қайғылы жүректерін қалдырды.
Қасіретті жырларға толы өлмес дастандар қалдырды,
Ұшы-қиыры жоқ кең байтақ дала мен
Көгілдір байрағы желбіреген ашық аспандар қалдырды.
Рухтар қаласы бұл аймақта мазарлар.
Отан үшін отқа түскен даналарымыз,
Желтоқсанда құрбан болған балаларымыз,
Қызыл қандарың босқа төгілген жоқ,
Жылдар бойы фатихасыз ұйықтаған бабаларымыз.
Көк күмбездердің астынан құран бағышталады сендерге
Көкірегі ояу, көзі ашык пəк жандар,
Шəкəрімдер, Сəкендер, Мағжандар.
Рухтар қаласы бұл аймақта мазарлар...
Қандарың суларға, дауыстарың желдерге,
Араласып кеткенін көргенде,
Селдің де, суық қыстың да, дауыл желдің де айырмасы
жоқ сендерге,
Қайғы жұтады көкірегім шерменде.
Қазақ мазарлары – қайғының бесігі,
Ұқсамайды олар ешбір бейіттерге.
Əр көктем ашқанда дүниенің есігін,
«Ясын» сүресін оқитын шейіттерге,
Бауырларың бар құран бағыштаған алыс Хазардан,
Рухтар қаласы бұл аймақта мазарлар...