ГЕВАР ƏНІ
Тау мен өзен жырын айтқым келеді,
Зеңгір көк пен шалқар дала өлеңін,
Жасыл жапырақ жырын айтқым келеді,
Жақсы үміт пен құштарлықтың өлеңін,
бар ақыннан бұрын айтқым келеді.
Гевар жыры – арыстандар өлеңі,
Арыстанның мұңын айтқым келеді.
Бөлме, төсек, аяқ-табақ дегенің
көңілімді бөледі.
Қорқыныш, күдік, əдет-ғұрып дегенің
көкірегімді тұншықтырып келеді.
Кеш боп қапты-ау,
Махаббатым (батыр ғой)
тау басынан түсіп келе жатыр ғой.
Қараңғылық қоюланып барады,
Əлде қайда титтей бала кекілді
елін аңсап, жас төгетін секілді.
Ойлар қамап, шаттық аңсап жетім бұл,
Көрінгенді қас көретін секілді.
Қалың əскер көлеңкесі (батыр ғой)
таудан төмен құлап келе жатыр ғой.
Соқырлар мен жетімдердің өлеңін
Өле өлгенше айтып өткім келеді.
Аурулар мен əлсіздердің өлеңін
айтып өтем дегемін.
Жалғыз ұлын көмген ана дегенің
құлағыма ащы зар боп келеді.
Түрмедегі, айдаудағы қайғыны,
ғашық болған жүректердің өлеңін
ғұмыр-бақи жырлап өткім келеді.
Неткен қиын, неткен азап десеңші,
Баскесердің қолында үнсіз тістенген.
Туған халқым – баскесердің қолында...
біздің қолдан қашан ғана іс келген.
Оһ, Құдай-ай.
неткен көп еді, тірлік, сенің арманың!
Керісінше болып жатыр бəр-бəрі.
Қанды шайқас, бостандықтың өлеңін,
Халық үшін тігілген ту өлеңін,
Теңдік пенен қайырымдылық өлеңін,
Ар мен ұждан өлеңің
айтып өткім келеді.
...Осы менің Гевар əні дегенім.