07.10.2022
137
СЕНДЕЛГЕН КӨҢІЛ
Кел, енді алданба сенделген көңілім,
Əйтпесе, жылайсың жақындап өлімің.
Міне, енді қиялды таптың сен пəруана,
Лапылдап жанарсың үрлеп тұр көрігің.
Күй кештің сарсаң боп, мен білген шақтардан,
Жойылып кетуге жол бойы шақ қалған.
Дертің көп дəрменсіз, бейдауа бейбақсың,
Сырыңды айтшы бір, шын сөйлеп ақтарған.
Ғұмырың – балауыз жанумен ериді,
Түсінбей ағайын түңіліп жериді.
Сағыныш меңдетті, қоштасу жиілеп,
Оянып қашан сен, тынысың кеңиді?
Қалауың тікен боп, рухыңды қанатты,
Кедергі күнəң көп кескендей қанатты.
Атқан таң алдыңнан, аңсатты өткенді,
Сен қалай төзесің тауыстың тағатты?