07.10.2022
  125


Автор: Түрік поэзиясы

АЛТЫН АДАМ

Алтын тəнді арыс ұлға,
Ұқсап тұрған жігіттер.
Сəуле шашқан саңлақтарға,
Бар назарын бұрыпты ел.
Шексіз ғалам шабыт сыйлап,
Саналарын толтырды.
Қызыр Баба досы болып,
Сырлы сапар жол тұрды.
Қасиетті кəусар суын,
Шөл басыпты ұрыттап.
Көздерінен нұр шашады,
Ұғып сырды ұлықтап.
Толқулары топан сынды,
Сенгені бар жүрекпен.
Беріктігі болат тектес,
Басқан жолын нұр өпкен.
Əлем танып əр қиырдан,
Шыққан тегін біледі.
Жүздеріне ай қонақтап,
Күн дидары күледі.
Əрбіреуі данаға тəн,
Парасатқа бөленді.
Қораз үнін естіген соң,
Шапақты аңсап жөнелді.





Пікір жазу