07.10.2022
173
ЖАЛЫН ЖҮРЕК
Оттан жаралған жүрекпіз,
Бөгелме зиянсыз алауға!
Өрт боп шоқтанды өзгеріп,
Бізге келгендер қарауға.
Беттер сарғайды безбүйрек,
Қарай алмайды тік келіп.
Жаулар жасыды жер болып,
Басын иді олар бүктеліп.
Рухы адасқан кірленіп,
Жандарды жаныштар азаппыз.
Жарқыл қағатын жасындай,
Көкте көшетін азатпыз.
Азғын басына төнетін,
Сертке сендірер жазамыз.
Досқа алғыспыз ақ жарма,
Жауға қарғыстай назамыз.
Аққан шымырлап өзендей,
Сылдыры баяғы... тынбайды.
Тулар тоғысса жан-жақтан,
«Ай мен жұлдызды» тыңдайды.
Жауды топандай тоғытып,
Түнді түртетін араймыз.
Сұрап көріңдер тарихтан,
Болдық сірəда қалай біз?
Қазір бəсеңдеп рухымыз,
Демін тартады ішіне.
Білем бір күні тұтанып,
Оттар басады күшіне.