07.10.2022
  258


Автор: Түрік поэзиясы

ОТТЫ ШЕҢБЕР

Күнім, түнім жылжыған отты шеңбер,
Сыздатады жүректі көп кісендер.
Сүйіктінің қиялы тілімде тұр,
Елес беріп түн бойы өтті шөлдер...
Жан түбінде зыңылдап қоштасар əн,
Көңіл күмбез сілкінер досқа салған.
Сағыныштың естіліп үні алыстан –
Қамшылайды рухымды.
Өшпес арман...
Қуаң тартты көктемім күзге айналды,
Қауышу сəт ғапыл боп, көз байланды.
Айдай жүзін жасырды бүркенішпен,
Қайтіп қана пердені қозғайды арлы?..
Жасыдым мен,
жер беті қан жылайды,
Сартап болды, қабақта қалды қайғы.
Көктем көшті,
Күз келді,
Рухым дел-сал,
Гүлдер солып,
Түн түнек,
Қар құлайды...





Пікір жазу