07.10.2022
  117


Автор: Түрік поэзиясы

МЕНІҢ РАББЫМ

О, Жаратқан, менің Раббым,
Қандай ғажаб Cенің барың!
Достығыңнан опа көрдім,
Сенің арқаң демім, барым.
Есігіңе бəрі ағылды,
Мұраты Сен, сана нұрлы.
Арадан ал шымылдықты,
Көрсін Раббым жамалыңды.
Бəрін білер Болмысың бар,
Меңгеретін зор күшің бар.
Көретіндер көрді Cені,
Соқыр көрмес Жарды шын бар.
Білдім деген алданды анық,
Білмес күйді далбаң қағып,
Барлығыңды ұқты көңілім,
Ғашықтарға жанған Жарық.
Атың рухқа нұр таратқан,
Елге бейбіт күн таң атқан.
Танығанға соңғы тұрақ,
Дертке дауа – Сұлтан Əкрам.
Қатем таудай жоқ тағатым,
Уақыт жетті аттанатын.
Раббым, өзің кешірмесең,
Ешкімім жоқ жақ болатын.





Пікір жазу