07.10.2022
113
БӨЛМЕЛЕРІМ
Əйнектелген бөлменің қызыл перделері сай,
Қызыл; оттай қызыл түспен жабулы көздерінен сұра!
Перделер сақиналармен жылжиды жай,
Күн де, аптап та, лаулаған өрт те соның ар жағында.
Қуықтай тас бөлменің қара перделері дірілдейді,
Қара- құдды жалаңаш таудың жүрегі тəрізді иіледі.
Ол жерде күндіз-түні тоқпақ даусы үзілмейді,
Жертөледе үлкен ағаш келі түйіледі.
Шырмауықты бөлменің жасыл перделері шарықтайды,
Жасыл көктем ортасында туған бір көз секілді.
Ауасында мондай бір сезімге толы тұман қалықтайды,
Ғашықтар сол жерде кездесіп, сол жерде ажыраған секілді.