07.10.2022
133
УА, СЕБЕП
Табиғаттың өзі болып шерменде,
Дүниеге ажал бұлты төнгенде,
Қаһарлы үннен тірлік оты сөнгенде
Жалғаймын деп мəңгіліктің ағысын,
Күллі ғалам жанталасар жан үшін.
Түр-сипатын өзгертуге тырысар,
Сосын тағы алға қарай жылысар.
Міне, осы сəт
Қаһарлы үн
Заманның нақ айналады үніне
Һəм себепке əлдекім күңіренер түңіле.