07.10.2022
  154


Автор: Түрік поэзиясы

ҚОШ, ТУҒАН ЖЕР

Қош бол енді туған жер,
Дəру болған тəніме,
Ағын суы, тамылжыған мəуесі
Тамырымда қан боп аққан
Һəм айналған əніме!
Əлсіреген кезімде,
Жас төккенде булығып от сезімге,
Үміттерім қайта өзіңде көгерді.
Көшелерің, бұлақтарың, бақтарың
Көкейімде сайрап тұр,
Мəңгілікке ұмыта алмай мен енді
Елге айтатын естелігім өзіңсің,
Жəне өзіңсің өмірімнің мəні де;
Балаларым өзіңде өсті,
Сенде жүріп жарыммен де табыстым,
Өзің куə бəріне;
Анам менен атам енді аманат,
Қош бол, Туған жер!





Пікір жазу