07.10.2022
  118


Автор: Түрік поэзиясы

АЖАЛҒА ТАҒЗЫМ

Ажал алғаш періште боп келеді,
Келеді де сəби жүзін өбеді.
Бəлкім бір күн жүздесерміз жотада,
Самал желі құмырсқаны теңселтіп,
Тасбақаны қалдыратын қапаға.
Оған дейін сезімді əнге тербеліп,
Сəби сынды қарайық көк аспанға,
Көңілдерден əз қуаныш қашқанда.
Қалаларға кісілікті тонаған,
Тұманға да төңіректі ораған.
Жүгерінің собығына қырдағы,
Азық болған бізге анау жылдары.
Құтылармыз, тұтылармыз əлде біз,
Тау-тас, желде бір құдірет бар деңіз.
Гүлзар біткен шыққа малтып жыласын,
Балаға ермек əткеншектер жыласын.
Түн қойнында ақсын біздің жұлдыздар,
Жанымызды жауратпасын мұңлы ызғар.
Қамыққанда медет болар сол ара,
Тас дуалды тығылайық қалаға.
Демей-ақ еш тəнімізді өртеді,
Қалың қылып қымтанайық көрпені.
Ажал бірақ байқатпастан келеді,
Ол алдымен сəбилерді өбеді.





Пікір жазу