07.10.2022
162
МАХАББАТ ЖАРАСЫ
Жүрегіме қадалды махаббаттың жебесі,
Жұрт егілді ем таба алмай жарама.
Көктен тілеу тілеп ем, сөгілді де көбесі
Құйды жаңбыр басу айтып налама.
Көздің жасы кірпіктерге түзілер,
Түзілер де кезек-кезек үзілер,
Сезім көлі осылайша сүзілер,
Қас та, шаш та ем болмайды жарама.
Сырымды ұққан жанның бəрі мұңайды,
Солай еткен кінəлайды Құдайды,
Естісе егер орман, тау да жылайды,
Тіпті ажал да ем болмайды жарама.
Дауа болмас махаббаттың дертіне,
Құтылу жоқ, орандың ба өртіне,
Көнбейді ол еш дəрігер еркіне,
Соқыр жылайд ем таба алмай жарама..