07.10.2022
138
СЕНІҢ МАХАББАТЫҢ
Маған деген махаббатың суымады,
Көрдім көпті,
таусылмапты татар дəмім, суым əлі.
Түн емес еді – түнек еді ол, түнек еді,
Соны ойласам əлі күнге көз-тамырым суырады.
Аяқтағы бұғауымды кім батыл боп сындырады?
Құлағымнан кетер емес кісендердің сыңғыры əлі.
Жатсам – ұйқым, тартсам шылым жөн еді онда,
сол бір түні, сол бір қара зобалаңда.
Аман қалдым мен одан да,
Əлі күнге аман келем,
сақтап жүрген сенің осы
Махаббатың маған деген.