07.10.2022
  122


Автор: Түрік поэзиясы

АҚ ТЕҢІЗДІҢ АЙДЫНЫ ЖАРАСАДЫ ӨЗІҢЕ

Ақ теңіздің айдыны жарасады өзіңе
Жұлдыздармен бірге терге малшынсаң,
Қыр мұрныңда тамшы жылт-жылт етеді.
Мотор үні бір тынбайды
Алыстан үрген үні естіледі иттердің
Сəби болса шырылдауда дамылсыз
Фатима қыз орамалмен ойнайды
Əли Дүмдүм анашымен керілдесіп бағуда
Балықшылар сабалайды теңізді.
Үні олардың – жердей саған дос болған
Гүл секілді сыбдырлаудан жалықпас.
Кеше түнде жатып едік дамылдап
Жеп-жеңіл жел қытықтайды сананы
Ойларымнан жусан иісі еседі
Бірақ та мен саған көрші қонбастан
Кезгендеймін таудың құзды соқпағын.
Үйрендім-ау сенен сурет салуды
Дарияны салып едім,
Қарындашты қолым нып-нық ұстады
Қолбасшыдай қатыгез қалың қолды
Бастаған
Мұғалимам бет алады мектепке,
Мен де еремін соңынан
Дəптеріме салып бара жатамын
Оңтүстіктің самалын
Тек қарлығаш ұшатын
Аймалайтын аралды.
Басымнан еш кетпейді
Өзіңменен болған күндер бақытты
Мендік өмір – планетаңа өзіңнің
Тиіп кеткен күміс түсті өріс қой
Керегі не қарақшылар жайлапты
Делінетін үңгірдің
Көзім сені көріп көр боп қалғанда
Өлең деген – сендік ұлы теңіздің
Сүңгу шығар тереңіне тұңғиық
Сен тоқтасаң балдырлары тербеліп
Жасылданып кететін
Ал жүздің бе – көгілдір
Жағалауда жатып алып ойладым –
Міне менің қираған
быт-шыт болған арман, мұрат, мақсатым
Міне, ақымақ дəуірім
Арақ ішіп танған əркез есінен.
Шын бақытты
Сені көріп сезіндім
Һəм түйсіндім
Көне грек аттары
əлі күнге екендігін көгілдір,
Күн батқанда сол аттардың жалдары
болатынын тараулы,
Ал жаны болса
Көлеңкесі секілденіп ағаштың
Сұлулыққа əлдебір
Ғашық халде
Дала кезіп кетерін.
Жан қалқам-ай, қарашы енді көзіме,
Ақ теңіздің айдыны жарасады-ау өзіңе.





Пікір жазу