07.10.2022
  142


Автор: Түрік поэзиясы

БАҒА

Үрейсіз жоқ бір жай хабар,
Күнде естіп басың айналар.
Баға өсті арамшөптейін,
Ар-ұят жоқ, тек, айла бар.
Нан қымбат, қымбат көмірі,
Арзан, тек, адам өмірі.
Құтырды ұры, баскесер,
Жер болып халық көңілі.
– Тағдырға көне тұр, шалым,
Əйтеуір тоқ қой құрсағың,
Дорбамды қанша қақсам да,
Шай шықпас маған бір салым.
Тұтқынбыз еркін күнде де,
Жетісіп бізді жүр деме, –
Осылай деді əйелім
Іздеп кеп кеше түрмеге.
– Екен ғой түрмең жер тыныш,
Сенде жоқ онша корқыныш.
Сəт сайын бізде зəре жоқ,
Мұндайда қалай оңсын іс.





Пікір жазу