МЕН САҒАН ҒАШЫҚПЫН...
Мен саған ғашықпын ғой, түсін жаным,
Дертім сен, мəңгілікке ұшынғамын.
Нəркес көзің кетпейді көз алдымнан,
Төзімді жаз ұрладың, қыс ұрладың,
Жылыт деп жүрегімді ұшырғамын.
Күзді күтіп тұрғандай саялы бақ,
Бұл қала Ыстамбұл ма баяғы нақ?
Көктем исі аңқиды көшелерден,
Бұлттар анау көгінде көше берген.
Өзің болып сүйгенім, бар арманым
Іздегенмен мен сені таба алмадым.
Махаббат та кей кезде сын секілді,
Шаршатып бойды буар жын секілді,
Ұстараның жүзінде – ғашық ғұмыр,
Кей кезде жабырқатты, жасытты бір.
Өмірім тас түнекке айналады,
Уақыт от сезімді қайрағалы
Жанымды тек жалғыздық аймалады.
Ескі қала əуенге тербетіліп,
Рақатқа батқанда жер бетілік,
Мен де елтимін сазына тұра қалып,
Сосын сені іздеймін жылап алып.
Сыйласам деп аспанды армандаймын,
Бірақ елсіз аралда қалғандаймын.
Қайда барман, қайғыға шырмаламын,
Көшесінде жоқсың сен бұл қаланың.
Қайда кеттің? Білмейді жөніңді ешкім,
Мен білмейтін жақтарға əлде көштің?
Кеме алысқа əкетті əлде жырақ?
Ұшақта əлде тостың ба əнге құлақ?
Қалдың ба əлде есірік желге ұнап?
Суық жаңбыр тəніңді тоңдырды ма?
Əлде өмір еркіңді бор қылды ма?
Ойлаушы ем-ау мен сені сыңарым деп,
Бақытыма жол сілтер шырағым деп
Қайталаудан атыңды шаршамадым,
Өзің болдың əнім де, жан самалым.
Өзіңді ойлап созғанда жыр ырғағын,
Таудағы көл секілді шымырладым.
Басқа жол жоқ, мəңгіге ұшынғамын,
Мен саған ғашықпын ғой, түсін жаным