07.10.2022
107
ӨЗІМДЕЙ БОП КЕТІП ЕҢ...
Көріктімсің жүрегіммен табынған,
Бір сəтке де шықпақ емес жадымнан
Жеңіл басқан жүрісің,
Қараңғыда нұрын төккен күлісің.
Үр бетіңді мəңгілікке жадқа алғам,
Шексіз жырақ жұлдыздардың жарығы
Тас түнектен нұр боп жетіп жатқанда...
Өзімдейсің,
Есімімдей сыңарсың,
Əр сəтімсің, естен қалай шығарсың?
Саған деген сағынышым өрт жалын,
Құдіретін
Күнге көз сап ұғарсың,
Сосын сен де махаббат боп тұнарсың.
Есіңе ал деп айта көрме, өтінем,
Мына өмірде өзімдей боп кетіп ең.