07.10.2022
  158


Автор: Түрік поэзиясы

КЕЗ КЕЛЕДІ

Құлайды аспан, құлайды бұлт,
Түнерер көк жылай жүріп.
Жан толқымас бұрынғыдай,
Сыр-сұхбат та тиылды жай.
Аспан үнсіз, жоқ пейілі,
Күй күмілжіп, өшкен үні.
Қызықтырар қызыл шарап,
Түрі құрысын, ары қарат.
Қан шақырар ырымдай ма,
Көшеде жұрт шуылдай ма,
Тіміскиді мұнда кімдер,
Жан тапсырды бір жауынгер.
Кез келеді от кешетін,
Өмір өлім беттесетін,
Өкінішім жоқ десетін,
Жатар кім бар ұғып мəнін,
Тек арманын ұлықтағын.
Жарқылдаса жасын оты,
Болар алаң-қасіреті.
Ажал келіп жармасады,
Бір сұлтанды дарға асады.
Соңғы үміті омалғанда,
Тау түнеріп қалар жолда.
Сəлем айтар арай таң жоқ,
Өкінішін білер жан жоқ.
Ежелгі ертек ғашықтары,
Ерте, ерте, ертеде деп,
Ешкі жүні бөртеде деп,
Қап тауынан үн қатады,
Бұлақ мұңын тыңдатады.
– Лə-илəһа иллалаһ, – деп
Падишах та жан береді.
Көзге түспес мазар-уақыт,
Ақындар жүр базарлатып.
Жырын оқып өз-өзімен,
Алып елдің зəре құтын.
Бейне бомба əрбір сөзі,
Төңкеретін өмір көшін.
Қоштасатын кез келеді,
Аттила Илхан ол да өледі.





Пікір жазу