07.10.2022
144
БОСТАНДЫҚ
Төгілген қан əсте зая кетпеді,
Тартқан азап санамызды байытты.
Қара ниет дегеніне жетпеді,
Ауыр жаза алды өзіне лайықты.
Жексұрындық! Жойылуды, құруды ұқ,
Қанат жая түссін енді сұлулық.
Тек еркіндік құлшынтады еңбекке,
Ие етіп əділ заңға, тəртіпке.
Күш береді ол қиындықты жеңбекке,
Дем береді өнерге одан артық не?
Асыл арман, махаббат та, бақыт та,
Гүлдей түсер адам еркін уақытта.
Əсте зая кетпеді қан төгілген,
Өмірлері жарқын жаңа ұрпақтың.
Ауыртпалық бітпестей боп көрінген,
Ұмытылар елесі боп бір сəттің.
Бейбіт жаңа өнімімен зауыттың
Дала гүлдер өз қажетін тауып мың.
Күрестерде төгілген жоқ текке қан,
Тарихтың ағымына сенемін.
Сол ағыммен жуылып нақ тазарған
Өмір үшін барымды мен беремін.
Тиіс онша ауырмайтын болуға,
Түскен жара бостандықтың жолында.