07.10.2022
  119


Автор: Түрік поэзиясы

Көшеге шық ертемен, қолың жатсын қалтаңда

Көшеге шық ертемен, қолың жатсын қалтаңда,
ағашы көп жерлерді іздеп жүріп ал таңдап.
Арқалығында орындықтың қалсын бешпет ілулі,
досың сенің кафеде күте тұрсын,
бүгінгі
жұмысыңды қоя-ақ қой – бір күн қалсаң қайтеді,
көңілге өмір қанағат іздеу болса əйтеуір,
қанағатты қайдан тап – бəрібір ғой əйтеуір,
Көңіл-дағы сенің бір қарының ғой əйтеуір.
Міне, солай, солай бас,
анау талға сəлем бер,
құмарт мынау аспанға,
сын арт мынау əлемге.
Ағайынның халін біл,
терезесін бақыла...
Асықтың ба жұмысқа?





Пікір жазу