07.10.2022
141
БІР КҮННІҢ АСТЫНДА
Торғайлар, ей, торғайлар!
Күнге қарап бəріміз бір ұмтылдық.
Бірге ұшайық, күнге сəлем берейік,
Əндетейік біз бірге,
Əніміз де ұқсас екен бір түрлі.
Бір ағаштың бұтағына қонақтап,
туыс, дос боп бір шығайық жорыққа.
Қорықпа сен қанаты жоқ екен деп,
Сақалым мен мұртымнан да қорықпа.
Менің де бір қу тамағым табылар,
Бірақ, əттең, өзгешелеу жағы бар...
Жүрген жоқ па ек жылынып,
Жылуына жалғыз күннің – ұят қайда?
Сені көздеген мерген
Маған да оқ атпай ма?